"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл мерекесінің талдау есебі

24.09.2020

         Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай 2020 жылғы 5-н 17 қыркүйек аралығында «Туған тілім- тірегім » атты онкүндік аясындағы іс-шаралар туралы есеп.

Апталықтың  мақсаты:   Тіл заңының орындалуын қадағалау, еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қол­да­нуын насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру. Оқушылардың тілге деген құрметін арттыру.          

      Апталықтың ашылуы  видио сабақ ретінде қашықтықта өтті.   ӘБ жетекшісі апталықтың жоспарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар мектеп оқушыларына  қазақ, орыс,ағылшын  тілдерінде   тіл туралы мағлұмат берілді. Салтанатты ашылуға 5,6,7, сыныптар қатысты. Олар ақын ата-бабаларымыздың тіл туралы айтқан нақыл сөздері мен өлең жырларын мәнерлеп оқып,  ән айтты.

    Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4- бабында Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі делінген.

Екінші күні «Тілі бірдің –тауы бір» атты тақырыпқа 5-6 сыныптар арасында диктант жазды. Оқушылар өз туған тілі ана тілі, қазақ тілі туралы диктантты қатесіз ұқыпты жазды.

Үшінші күні «Тіл- достықтың алтын көпірі» атты өлеңді жатқа айту. Яғни әр оқушы оқыған өлеңдерін бейнеролик тусіру арқылы көрсеттік. Сол күні «Конституция келешек кепілі» атты ақпараттық сағат Т.І.М. слайд көрсету арқылы көптеген мәліметтерді оқушыларға түсіндіріп айтып өтті.

Төртінші күні: А.Құнанбаевтың 175жылдығына арнап,  «Өлең сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысы 5-6-7-8 сыныптар арасында қашықтықта өткізілді.Оқушылар жаттаған өлеңдерін мәнеріне келтіріп, өз өнерлерін көрсете білді.

Бесінші күні: «Жаңа әліпби- жаңа өмір» атты тақырыпқа 7-8-9 сыныптармен эссе жазғыздым. Оқушылар болашақта біздің қолданатын әліпбиіміз туралы өз ойларын ортаға салып, сол туралы көптеген мәліметтер жазды. Сол күні «Зеренді ауданына 85жыл» іс-шараны Неволько Е.В. слайд жүзінде көрсетті. Слайдта оқушыларға керекті мәліметтерді мұғалім түсіндіріп айтып өтті.

Алтыншы күні: «Мың бір мақал –жүз бір жұмбақ» атты бастауыш сыныптарда сайысты Тілепова Ш.О. өз сыныбында ойын түрінде өткізді.Балалар сайысқа белсенді қатысты. Сайыс оте қызықты өтті. Сол күні бастауыш сынып оқушыларға тапсырма берілген яғни «Аяулым –алтын бесігім» атты тақырыпқа сурет байқауы өтті. Әр бала өз салған суретін көрсетіп, таныстырып отеді. Табиғат пен өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

Жетінші күні : «Орта жүздің бас биі- Қаздауысты Қазбек би» тақырыбында  көркем сөз сағаты слайд жүзінде өткізілді. Оны әдебиет пәні мұғалімі  Рамазанова Б.Ө. өткізді..Слайдта орта жүз биі туралы көптеген мәліметтер айтылып өтті.Оқушылар өздері түсінбегендерін сұрақ қою арқылы танып білді.

Сегізінші күні : 5-6-7-8 сынып оқушыларымен ағылшын тілі мұғалімі  Жазира Қанатқызы ағылшын тілінде мәнерлеп оқу сағатын өткізді. Балалар өздері басқа тілді меңгергендерін көрсете алды.Өте қызықты өтті.

Тілдер фестивалінің он күндігінің жабылуын барлық тіл мұғалімдері байланысты үш тілде сыныптан тыс іс-шараны оқушылармен қашықтықта өткізді. Іс- шарада оқушылар тілге қатысты ән айтып, өлең жолдарын оқыды. Он күндіктің жабылуна оқушыларды мақтау қағазымен  марапаттады.Қорыта келе оқушылар осы өткен он күндікке белсене қатысты.

 

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст