Сынып сағаты
Тақырыбы: «Ата заң-ардақ тұтар айбынымыз»
Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,
құқықтық білім беру бағдарламасының маңызын ашу.
2. Құқықтық білім жүйесін кеңейту,заңды біліп,құрметтеу.
3. Бала құқықтарын қорғайтын негізі халықаралық және
мемлекеттік заңдармен танысу.
Тәрбие сағатының түрі: жаңа тақырыпты игерту.
Әдіс: әңгімелесу,сұрақ-жауап,түртіп алу
стратегиясы,топтастыру стратегиясы.
Көрнекілік: плакаттар.сызбалар,суреттер.
Өтілу барысы:
·
Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі тақырыбы «Ата заң-ардақ тұтар
айбынымыз»
атты сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-
Сабақты «Тәуелсіздік» әнімен бастаймыз.
Кіріспе әңгіме:
-
Қай мемлекет болмасын баланың өз
отбасында дұрыс тәрбие алып , азамат болып жетілуіне жағдай жасайды.
Халықаралық заңдар нормаларына сәйкес 18 жасқа толмаған адам бала деп танылдыы.
Балалар құқығын қорғау ҚР заңдары арқылы ғана емес,халықаралық Заңдар арқылы
жүзеге асады.Соның ішіндегі ең негізі құжат «Балалар құқығы туралы Конвенция»
-
Балалар қатысты құқықтардың шеңбері өте
кең. Солардың негізгі деген түрлеріне тоқталу үшін құқықтану пәнінің мұғаліміне
сөз береміз.
Ситуациялар сұрақтары:
( 2-3 ситуациялар оқылады)
Балалар құқықтарын қорғау үшін 1924 жылы
бала құқығының Женева декларациясы қабылданған болатын. Бұл Декларацияға қол
қойған мемлекеттер әр адамды оның ұлтына,діни сеніміне,жынысына,әлеуметтік
тегіне қарамастан ,өз елінің құқықтары мен бостандықтарына ие , тең құқылы
азаматы етіп қабылдады.
Халықаралық бала жылы 1959 жылы БҰҰ
«Адам баласына өз білетін бар жақсыны үйретуге міндетті» деп шешті. 1979 жылы –
Халықаралық бала жылы деп аталды.
Бала құқығы туралы конвенция БҰҰ 1989
жылы қазанда «Бала құқығы туралы Конвенциясы» қабылданды.
1995 жылы ҚР Президенты Н.Ә. Назарбаев
Нью – Йоркте ЮНИСЕФ – тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге «Бала құқығы
туралы Конвенцияға» әлемнің 156 елі болып қол қойды.
6 – бап.
Әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас
құқығы бар.
14-бап.
Баланың ойлау ар-ождан және дін
бостандығына құқығы бар.
2006 жылы бала құқықтарын қорғайтын
депортамент құрылды.
1. Біз қай
елдің азаматымын?
2. ҚР-ның Ата Заңы не үшін қызмет етеді?
3. ҚР-сы
қандай мемлекет?
4. ҚР-ның
қандай мемлекеттік нышандарын білесіздер?
ОҚУШЫ НЕГЕ ҚҰҚЫЛЫ?
Білім алуға,тегін емделуге,демалуға,сөз бостандығына,мемлекеттік
көмекке,есім алуға.
ОҚУШЫ НЕГЕ МІНДЕТТІ?
ҚР Заңдарын сақтауға ,нышандарын құрметтеуге,ата-анасын
тындауға,оқулықтарын таза ұстауға,мәдени мұраларды сақтауға.
«Ойды аяқта»
1.Ұрлық түбі ... (қорлық)
2.Жаңғақтың дәмін көрмей ... (Жеме)
3.Қолымен істегеніңді ........ (
мойныңмен көтер)
«Заң-мемлекеттік ақылы»
«Сот-мемлекеттік жүрегі»
«Мәдениет-мемлекеттік тәртібі»
Қорытынды: - Бала қандай болу
керек?