"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15 мамыр - халықаралық отбасы күні

16.05.2022

 15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу–отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді. БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре түседі. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. 

  Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы –адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.

  Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

  Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әр елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ. Ал ата-ана үшін бала өмірінің мәні де сәні. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген де нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бала артыңда қалар ұрпағың. Атыңның жалғасы. Елінің болағашы. Сондықтан отбасы күні қоғамда ерекше орын алады. Бұл күннің маңыздылығы зор.Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. 

Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст