"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2018-2019 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Нұрсәуле» атты сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі

14.08.2019

 

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші. Қостомар негізгі   мектептің 2018-2019 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Нұрсәуле» лагерінің жалпылама есебі. Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша I ауысым бойынша жұмыс жүргізді.

I-ауысым 01.06-14.06.,II –ауысым 17.06-28.06.

Мақсаты:

«Нұрсәуле» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:

Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;

Ұлттық ойындар,үш тілде(қазақ,орыс,ағылшын) іс-шаралар, логикалық және спорттық ойын түрлері,психолгтың тренингтер  арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

«Нұрсәуле» лагері төмендегі күн тәртібі бойынша жұмыс жүргізді:

Таңертең 10.0013.00 дейін  балаларды қабылдау;

Лагерь балаларына жоспар бойынша қауіпсіздік ережелермен таныстырылып,тәрбиешілер өз міндеттерін қолға алды.

Тәрбиешінің міндеттері

▲ Балалардың тәрбиесін өмір қауіпсіздігін ұйымдастыруды жоспарлайды.

▲ Балалардың өзін-өзі жақсы сезінуі үшін жақсы жағдайды ұйымдастыра отырып әр күндік жұмыстар жүргізеді.

▲ Демалу мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.

▲ Мереке мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.

Мектеп жанындағы лагердің есебі

Қостомар негізгі  мектеп жанындағы орналасқан лагердің  01.06.19 -28.06.19 ж. аралығында жұмыс жүргізді. Лагердің  бастауыш сынып оқушыларының 12 бала қамтылды. 12 бала ақылы.

І аусымында бастауыш сынып мұғалімдері Неволько Е.В. және Жумабаева А.М.   

ІІ аусымында Тлепова Ш.О және Жумабаева Д.М.жұмыстарын атқарды.

   

 

     

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

     

 

 

 

 

Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Мекеп директоры Абылхаева Жанна Галиевна  лагерьдегі балалардың барлық жағдайын жасады .

1 маусым күні «Демаламыз, күлеміз» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар өткізілді. Онда «Әр заттың өз орны бар», атты көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар (балмұздақ,кәмпит,сусындар т.б) таратылды.

Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында ауыл медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Ауыл медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. Тіл мамандық мұғалімдері қызықты ойын,сайыстар жүргізді.Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкалармен билеуден бастайды.Балаларға таңғы жаттығудан көрі таңғы жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды.04 маусы ҚР.рәміздер күніне орай  тәрбие сағатын өткіздік.

«Нұрсәуле» сауықтыру лагері өз жұмысын көңілді, қызықты өткізіп аяқтадық..

Нәтижесінде:

- Жазғы мектеп жанындағы «Нұрсәуле» лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.

- Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.

- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты.

2018-2019 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы лагерге ұсыныс:

- Әр бір топтағы балалар ойнайтын ойыншықтар мен құрастырмалы ойыншықтар көбірек болса.

Бастауыш әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Тлепова Ш.О.

   

 

       

 

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст