"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

13.03.2019

Эссе

Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

«Еліміз 2030 жылы барысқа aйналдыратын күш - мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас шамасындағы жастар», - деп елбасы Н.Ә.Назарбаев мақтаныш сөзбен жеткізген.
Қазақстанның бүгінгі күні мен ертеңі жатқаруды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі үлкен роль атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру.

 Менің  өмірлік ұстанымым  Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Мен бүгінгі таңда өз мамандығым бойынша 1 жарым  жыл еңбек етіп келемін. Бұл өте аз уақыт болса да, бірақ мен үшін биік мақсаттарға жетудегі бастар жол. Осы жолдағы үлкен арманымның бірі шет елдегі мұғалімдердің түрлі сабақтарына қатысу, солардан қосымша білім алып, біліктілікті арттыру арқылы өз методикалық тәжірибемді көтеру. Қазіргі интернет, компьютер дамыған заманда оқушыларды ағылшын тілін  үйренудің айтарлықтай қиын еместігіне көздерін жеткізе білу. Осы орайда қарапайым ауылдың оқушысын шет тілін жетік меңгеруге, әрі қызығушылығын оятуға бар күшімді жұмсағым келеді.

         Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін күнделікті сабақта тыңдалым, оқылым, жазылым, ауыз екі сөйлеу сынды қабілеттіліктерді барынша жақсартуға ұмтылып келемін. Ол үшін Блум таксономиясы мен 7- модуль үлкен көмек береді.

Жаңашыл дәуірдің ұстазы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Бүгінде Қазақстанның барлық мектептерінде ағылшын тілі оқытылады. Балабақшада әліппе мен біршама сөздерді меңгеріп шығады. Осының бәрі баланың болашағы үшін. Барша әлем бір тілде сөйлеп кететіндей. Сондықтан ағылшын тілін үйренудің қажеттілігі туындайды. Онсыз жұмысқа тұру, адаммен сөйлесу, ақпарат алмасу, мамандық игеру мүмкін емес. Қазір басы артық бір шет тілін білгенің үшін еңбекақыңа қосымша ақы қосылады. Сондықтан баланы осы кезден бастап, болашақтың талабына дайындау қажет.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді.

 

 

 

Просмотров: 905


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст