"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қалай оқу керектігін үйрету?

23.05.2017

Қалай оқу керектігін үйрету?

«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып

табылады.

Метатану деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын

қадағалау, бағалау ,бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін

саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады.

Мұғалім оқушыға:

*Білім қоятын талаптарды түсінуге

*Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын

зерттеуге

*Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және

ойластыруға

*Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға

көмектеседі

 

Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі

факторлар

-

Нені оку керетігін түсінуі?

-Балалардың оқу үдерісін түсінуі?

-Оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеру?

-Табысты бола білгендігіңді қалай бағалау керек?

 

Балалардың қалай оқитынын назарға ұстау:

*Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы

өздігінен меңгеріп таныта білген білім дағдылары мен амал , көзқарастарын зейін

қойып , зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады.

*Білім беру бағдарламасының басында мұғалімдер оқушылар не

біледі, оларда қандай қате пайымдаулар бар және қалай түзету дұрыс екенін білу

үшін арнайы құралдарды пайдаланады.

*Егер білім  игеруді

бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып 

алынса онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте

сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем

ұмытып қалады. Осыған орай әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық

аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтырын

құрастырады, бір –біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған

нәтижелерін     қадағалайды , идеялармен

эксперимент жасайды.

 

Қорыта айтқанда оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы

мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының

табыстылығын ескере отырып кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және

бағалауға көмектеседі. Метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуына

тәуелсіздік береді .Соның салдары ретінде ,олар әдетте:

Материалы «есте сақтау» және «түсіну »ұғымдарының әртүрлі

әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді.

Материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар

аудару талаптарының дәрежесі бойынша бөлуге қабілетті.

Материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз өздерін

тексеруге және тестілеуге қабілетті.

Кай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі .

Просмотров: 5324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст