Құрметті оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!
"Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке сайтына қош келдіңіздер! Оқу-тәрбие үдерісі өте күрделі процесс. Бұған қоғамдық орта, ата-аналар да белсене араласу керек. Құрметті ата-аналар! Мектеп, сынып жайлы және балаңыздың білімі жөнінде мәліметтерді осы сайт арқылы біле аласыздар.
Мектеп сайтын жасаудағы басты мақсат - мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Мектебімізде білім және тәрбие беру салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымызды бірыңғай ақпараттық кеңістік арқылы басқа пайдаланушыларға ұсына білуге қалыптасу.
Бастауыш мектеп меңгерушісі Жумабаева Айгуль Молдабаевна